Ауыз су сапасына жүргізілген мониторинг

Халыққа берілетін ауыз судың сапасы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу, объектілерді талаптарға сәйкестігі бойынша тексеру, сумен жабдықтау ұйымдарын өндірістік бақылау барысында қамтамасыз етіледі.
Шиелі ауданы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 98%, орталықтандырылмаған сумен 2% қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында 32 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 28 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 4 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.
2025 жылдың 9 айында орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштеріне 306 су сынамасы алынып, оның 3-і талаптарға сәйкес келмеді, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы – 0,9 пайызды құрады.
Ауыз судың санитариялық-химиялық көрсеткіштеріне 306 сынама алынып, оның 15-нен сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы – 4,9 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Сулутөбе, 1 мамыр,Қосүйенкі елді мекендерінде ). Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер : құрғақ қалдық, хлоридтер, сульфаттар бойынша нормадан жоғары анықталды.
Аудан көлеміндегі барлық орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінде жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары тоқсан сайын жүргізіледі. 2025 жылы бақылаудағы аумақта халық арасында суға байланысты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
Шиелі аудандық санитариялық -эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысы Г.Айтекеева