Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

18-25 сәуір күндері Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайында ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасына лицензия беретін Азия чемпионаты өтеді деп хабарлады Olympic.kz.
Азия біріншілігінде құрлықтағы 45 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынайды. Қазіргі таңда 13 мемлекеттен 139 спортшы өтінім беріп үлгерді. Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласына Азия аймақтық ауыр атлетика федерациясының өкілдері Дэвид Голдстор, Сирилак Татман және Афиния Даттуяват арнайы сапармен келіп, құрлық додасы өтетін кешеннің дайындығын қадағалады.

Халықаралық федерация мамандары қаланың спорттық инфрақұрылымына жоғары баға беріп, ірі спорт жарысын өткізуге рұқсат етілетінін мәлімдеді.
09 ақпан 2020 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30