Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар ел ертеңі – ұлт болашағы

Жастар ел ертеңі – ұлт болашағы

Облыстық "Жастар күні" байқауы аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен «Жастар ел ертеңі – ұлт болашағы» атты гала-концертпен қорытындыланды. Концерт Алаш арыстарының жастарға айтқан өнегелі өсиетімен басталды. Оны аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары сахналады. Содан кейін сырнаймен саз төккен саңлақ Нартай Бекежановтың бүгінгі ізбасарлары өз өнерлерін ортаға салды. Бұдан бөлек Әлшекейдің күйі «Терісқақпайды» төгілте орындаған «Сырлы саз» ансамблі тыңдарманды тәнті етті. Сондай-ақ «Классик» квартеті, гитара шерткен Сафуан Көрегенов, Ә.Тәжібаетың жыр шумағын оқыған Абай Нұрсұлтан, заманауи би билеген «Ай-шер» би тобы, мың бұралып өнер көрсеткен Мөлдір Башарова, бірнеше әнді нақышына келтіре орындаған «Қасықшылар» ансамблі кеш қонақтарының қошеметіне бөленді. Осылайша аудан жастарының өнерін облысқа көрсетуге ұйытқы болған шара өз мәресіне жетті.

"Өскен өңір" ақпарат 
16 қараша 2019 ж. 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031