Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдебиет пен мәдениет егіз ұғым

Әдебиет пен мәдениет егіз ұғым

Өткен жұмада Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхананың «Самғау» коворкинг орталығында әдебиет пен әнді бір арнаға тоғыстырған шара өтті. «Дарынды жастар – ұлт болашағы» атты шараға Нартай өнер мектебінің директоры Мұхамедәлі Бекпейісов және үйірме жетекшілері мен оқушылар қатысты. Әдеби-музыкалық кеш ұрпақтың өнерге ынтасын оятып, оның ішінде жыр-терме жанрын кеңінен насихаттау мақсатында өтті. Қатысушылар жиында өлең оқып, әннен шашу шашты және жыр айтты. Әсіресе «Тайжан ақын» үйірмесінің оқушысы Д.Нұрланұлы, «Нартай ақын» үйірмесінің оқушысы К.Әзірбаев, «Халық әні» үйірмесінің білім алушысы А.Әбутәліп орындаған туындылар көптің қошеметіне бөленді.
Жиында Сырдың сырбаз ақыны Ә.Тәжібаевтың 110 жылдығы да ескерусіз қалмады. Айтулы күнге орай бірқатар оқушылар ақынның өлеңін жатқа оқыды. Сонымен қатар өнер адамдары әлеуметтік желі арқылы жолданған сұрақтарға жауап берді. Шара соңында орталық кітапхананың директоры Г.Көпболсынқызы қатысушыларға ыстық ықыласы мен алғысын білдірді.
«Өскен өңір» ақпарат


01 қазан 2019 ж. 1 545 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 75

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930