Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан спортшылары аймақтық байқауда

Аудан спортшылары аймақтық байқауда

Облыстық «Жастар күні» байқауында аудан абыройын асқақтатып жүрген спортшылардың жетістіктері таныстырылды. Байрақты бәсекеде жүлделі болып жүрген жеткіншектер №10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Айта кетейік, қазіргі таңда осы спорт мектебі 14 спорт түрінен сабақ береді. Мектепте 1602 оқушы шынығуда. Шара қарсаңында спортшылар өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе таеквонда спортының әдіс-қимылдарын жасаған жеткіншектер көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, қатысушы қонақтар Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі жанынан құрылған «Жас қыран» сарбаздарының арнайы жаттығу жұмыстарын тамашалады. Сарбаздар мен спортшыларға келушілер сәттілік пен толымды табыстар тіледі.

"Өскен өңір" ақпарат

16 қараша 2019 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9404).

19 мамыр 2026 ж.

№36 (9403).

16 мамыр 2026 ж.

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031