Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазіргі қызойнақтың парқы қандай?

Қазіргі қызойнақтың парқы қандай?

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген еді. Ал ұлттық код дегеніміз не? Ол – ұлттық болмыс. Демек бір халықты өзге ел-жұрттан ажыратып, танытатын және сол халықты ерекшелеп тұратын, басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысы. Осы тұста қазақ елінің ұлттық болмысы әлемдегі сан түрлі халықтан қалай ерекшеленеді деген сұрақ туындайды. Егер бұл туралы айтар болсақ, әрине ойымызға ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүр мен әдет-ғұрып оралады. Иә, халқымызда санасаңыз саусақ жетпейтін әртүрлі жөн-жоралғылар бар. Олардың әрқайсысы адамның жас ерекшелігі мен белгілі бір жағдайға байланысты орындалады. Алайда барлығының ұрпаққа берер өнегесі һәм тәрбиесі мол екені жасырын емес. Тек біз бүгінгі жыландай жұтынып тұрған мына ғасырда сол қазақтығымызды сақтап, ұлттық болмысымызды әрмен қарай жалғастыра аламыз ба?
Толығырақ газеттің №85 санынан оқи аласыздар. 
"Өскен өңір" ақпарат  
01 қараша 2019 ж. 969 0