Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ МЕН БАСПАСӨЗ РӨЛІ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ МЕН БАСПАСӨЗ РӨЛІ


Аптаның соңын ала Бала би ауылында «Рухани жаңғыруды іске асыру жолындағы қоғамдық ұйым мен баспасөздің рөлі» тақырыбында семинар болды. Облыстық семинарға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат, аудандық филиал төрағасы Өркен Исмаил, аудандық «Өскен өңір» газеті бас редакторының орынбасары Елдос Жүсіп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жадыра Отарбаева қатысып, жаңғыру жолындағы аталған күштердің рөлін саралады. Семинарды ауыл әкімі Амангелді Өмірәлі ашып, жүргізіп отырды.
Елбасының жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына да жыл болды. Осы өткен бір жылда қазақстандықтар әлдеқашан күткен, уақыты келген, заманның, ұрпақтың және бүгінгі үш буынның түйінді мәселелерінің бірсыпырасы шешімін де тапты. Зиялы қауымнан бастап, жалпы көпшілік рухани жаңғыруды қуана қарсы алды. Облыстарда рухани жаңғыру орталықтары ашылып, жұмыс жасап келеді. Семинарда баяндама жасаған «Қазақ тілі» қоғамының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Әбдіқадырұлы өз сөзінде: «Адамның рухани өмірі өз ұлтының, мемлекетінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан үрдісі. Рухы біртұтас айқын, сонымен бірге асқақ ұлт қана тарих көшіне ілесетіні, олай болмаған жағдайда басқа ұлттарға сіңісіп, жоғалып кететінін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр», – деген пікірін ортаға салды.

Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық код дегеніміз не? Бұл – сан ғасырлық тарихымыз, мәдениетіміз бен өнеріміз, тіліміз, дініміз, салт пен дәстүр. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық болмысымыз. Міне, осыларды алға тартқан жаңғыру жолындағы бір жылда жасалған жарқын дүниелерге бірер сөзбен тоқтала кеткен С.Аңсат жаһандану мен ақпарат кеңістігінің ықпалындағы қоғамда БАҚ рөлін де сөз етті. Мәңгілік Елге айналып, төртінші жаңғырудың жолына түскен Ұлы Дала Елінің мәңгілігінен айнымауы тілінің жоғалмауында жатыр. Осы орайда, ұлттық код, тіл мен діннің сақталуы жөнінде де сөз қозғап өтті ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұзақ Тұртаев. Олай болса, Елбасы айтқандай ұлттых рухымыздың негізі – қазақ тілінің мәртебесі жұдырық болып жұмылып, Алаш болып атсалысатын іс деп білейік.

Бақытжан ЖОЛАМАНҰЛЫ.
29 сәуір 2018 ж. 1 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031