Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңес: түйткілді мәселелер талқыланды

Қоғамдық кеңес: түйткілді мәселелер талқыланды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Тамыз конференциясында бірінші мәселе ретінде білім сапасын көтеру үшін кешенді шараларды қабылдау қажет екенін айтқан болатын. Сондай-ақ «Бұл, алдымен, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек» деген еді Қ.Тоқаев. Осы тұста аудандық қоғамдық кеңес мүшелері мектептердің жаңа оқу жылына даярлығы мен мектеп асханаларының жай-күйін және құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысын бағамдап келеді. Әсіресе соңғы бір айда аудандағы қоғамдық кеңес мүшелері үш топқа бөлініп, өңірдегі барлық мектепті тексеруден өткізді. Ел арасындағы өзекті мәселені назардан тыс қалдырмайтын кеңес мүшелері білім ошағындағы түйткілді жайттарды анықтап, оны сейсенбі күні аудандық ардагерлер үйінде өткен кеңес отырысында талқылады.
Толығырақ газеттің №85 санында тарқататын боламыз. 
"Өскен өңір" ақпарат
01 қараша 2019 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930