Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек әулеттеріне ерекше құрмет

Еңбек әулеттеріне ерекше құрмет


Өткен жұмада облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрда еңбек күніне арналған еңбек сабақтастығы форумының салтанатты ашылуы болды. ҚР Тұңғыш Президентінің 2013 жылғы қарашадағы жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесі биыл алтыншы рет аталып өтуде.
Осы форум аясында Қызылорда облысының еңбек әулеттерінің шеруі ұйымдастырылды. Оған теміржолшылар, ұстаздар, дәрігерлер, ішкі істер және уран өндіру саласының қызметкерлері қатысты.
Еңбек адамдарын танытып, дәрежесін көтеруді, ең үздік отбасылық және өндірістік дәстүрлерді анықтап, жастарды кәсіби еңбекке баулуға арналған форумда салалар бойынша еңбек әулеттері марапатталды. Соның ішінде Шиелі ауданынан өндіріс саласы бойынша – Нұрымбетовтер әулеті облыс әкімінің алғыс хатын иеленді. Бұл әулет ғылым мен техника саласының дарабоз майталмандарына айналған. Әулеттің 8 адамы өндірістік сала бойынша қызмет атқаруда. Ал мал шаруашылығы бойынша Байденовтер әулеті марапатталды. Ата кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру мақсатында аталған әулеттің 3 адамы осы салада еңбек етіп келеді.

М.БОЛАТҚЫЗЫ
01 қазан 2019 ж. 652 0