Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада облыстық еңбек сабақтастығы форумы өтті

Қызылордада облыстық еңбек сабақтастығы форумы өтті



Бүгін Қызылорда қаласында «Ата кәсіп - алтын мұра» атты V облыстық еңбек сабақтастығы форумы өтті. Бұл шара еңбек күні мерекесі аясында орайластырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан түрлі салада жемісті еңбек етіп келе жатқан өнегелі отбасылар келді. Олардың қатарында теміржолшы, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың өкілдері бар. Салтанатты шара барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бұл форумның 2013 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келе жатқанын атап өтті. «Елбасының Жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесін биыл бесінші рет атап өтіп отырмыз. Осы уақыт аралығында кәсіпті атадан балаға мирас етіп отырған қаншама отбасыларды облыста ғана емес, республика көлемінде таныта білдік», - деді аймақ басшысы. Сонымен қатар, форум аясында «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары, кәсіподақ ұйымдарының үздік жас мамандары және әртүрлі саладағы жастардың үздік тәлімгерлері белгілі болды. Білім беру саласынан қазалылық Сексенбаевтар, мал шаруашылығынан жалағаштық Ойнаровтар, мәдениеттен сырдариялық Сәдуақасовтар, ауыл шаруашылығынан аралдық Бердімағанбетовтер, егін шаруашылығынан жаңақорғандық Көкетовтер әулеті үздік атанды.

inform.kz
28 қыркүйек 2018 ж. 1 024 0