Ауғанстанның жаңа президенті кім болады екен?
Ауғанстанда президент сайлауы өтіп жатыр. 34 провинцияда ашылған бес мың сайлау учаскесінің қауіпсіздігін 72 мың сақшы бақылап отыр деп жазады baq.kz
Азаттықтың хабарлауынша, бұған дейін "Талибан" экстремистік ұйымы сайлау күні шабуыл жасайтынын мәлімдеп, қоқан-лоқы жасаған. 35 миллион тұрғыны бар Ауғанстанда 9,6 миллион адам сайлауға қатысу үшін тіркелген.
Сайлауға 15 кандидат қатысып жатқанмен негізгі тартыс 2014 жылғыдай президент Ашраф Ғани мен атқарушы билік жетекшісі Абдулла Абдулла арасында болмақ.
Пуштун тайпасынан шыққан, батыста білім алған технократ Ғани бұрын қаржы министрі болған. Ал Абдулланың мамандығы - офтальмолог дәрігер, бұрын тәліптермен күрес жөнінде Солтүстік альянс жұмысына араласқан, этникалық тәжіктер арасында қолдауға ие. Өзге кандидаттар арасында барлау қызметінің бұрынғы бастығы Рахматулла Нәбіл, бұрынғы қорғаныс министрі Гулбуддин Хекматияр бар.
Тәуелсіз сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаудың алдын ала қорытындысы 19 қазанда жариялануы тиіс. Егер кандидаттар қажетті дауыс ала алмаса, сайлаудың екінші кезеңі 23 қараша өтеді.