Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаудағы таңдау

Сайлаудағы таңдау


№292 сайлау учаскесінде аудан тұрғындары өз таңдауын жасауда.  Таңғы 7:00 ден жұмысына кіріскен учаскеде жас та, қарт та белсенділік танытуда. Алғашқылардың бірі болып 80 жастағы Алпысбай Мақұлов  Кенже әжемізбен келіп, өз кандидаттарына дауыс берді. Сайлау учаскесіндегілер қарттарымызға шапан жауып, батасын алды. 18 жастағы Рауан Сансызбаев алғаш рет сайлауға қатысып, ел болашағы үшін таңдау жасады. Азаматтық белсенділігі үшін Рауан қабырға сағатын иеленді. №292 "Жайлыбаев" учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Мурат Турабаев: "Жалпы 950 сайлаушысы бар  учаскеде түске дейін  500-ден аса адам дауыс берді. Бұл 65%-ті құрайды, яғни,   белсенділік жоғары.  Тәртіп бұзушылық орын алған жоқ", — деп,  кешкі 20:00 ге дейін өз кандидаттарын таңдаушыларды күтетіндіктерін айтты.
"Өскен өңір" ақпарат
09 маусым 2019 ж. 1 229 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930