Дауыс берудегі белсенділік
Шиелі кентіндегі №285 сайлау учаскесінде түске дейін 450 адам дауыс берген.
№285 сайлау учаскесіндетаңғы сағат 7.00-ден бастап аудан тұрғындары белсенділік танытуда. Өз таңдауларын жасауға келген адамның қарасы көп. №285 сайлау учаскесіне бірінші болып келген Әбдімомын Алдияров алғашқы болып даусын берді. Азаматтық белсенділік танытқаны үшін бағалы сыйлық табыс етілді. Сонымен қатар, бұл участкіге Әзірбайжан мен Германия елінен бақылаушыларда келді. Осы учаскінің қарт сайлаушысы ретінде Дәуітбай Шайжановта өз таңдауын жасады. Ақсақал ақ батасын беріп, елдің кемелді келешегін айқындайтын сайлау ашық, әділ өтуіне тілектестігін білдірді.
Осы сайлау учаскісіне 18 жасқа толған ең жас Шахмардан Әбуов дауыс беріп, азаматтық борышын орындады. Сонымен қатар, 18 жастағы сайлаушыға кәде сый ұсынып, естелікке суретке түсті. «Мен үшін алғашқы дауыс беруім болғандықтан, сәл қобалжу болды. Дегенменде бүгінгі сайлау еліміз үшін, жастар үшін өте маңызды. Әлі кешке дейін уақыт бар болғандықтан тұрғындарды белсенді болуға шақырамын» – деді Ш.Әбуов.
№285 сайлау учаскесінің комиссия құрамы Д.Шайжановқа шапан жапты. Аудан бойынша бүгін 40 сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр.
«Өскен өңір» ақпарат