Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ана тілің – арың бұл

Ана тілің – арың бұл


Ана-тілі – әр ұлттың қастерлі құндылығы. 2017 жылдың 31 қазанындағы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысымен 5 қыркүйек – «Қазақстан Халқы тілдері күні» болып бекітілді.
Қазақстан Халқы тілдері күнінің 22 қыркүйектен осы күнге ауыстырылуының үлкен мәні бар. Себебі, 5 қыркүйек – Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Бұл мереке қарсаңында түрлі шаралар қолға алынады. Солардың бірі аудандық орталық кітапханада көрініс тапты. Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында Шиелі аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Тіл ұлтымыздың мәртебесі" атты библиографиялық шолу өтті. Шолуда кітапхана оқырмандарына тіл саласына байланысты әдебиеттер насихатталды.

"Өскен өңір" ақпарат
24 қыркүйек 2019 ж. 880 0