Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?Қазгидромет 12, 13, 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар әсер етеді. Ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кейбір жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде әзірге жылы ауа райы сақталады. Ал солтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, жаңбыр жауады, кейбір жерлерде қатты жаңбыр болжанып отыр.
Сонымен қатар, еліміздің батысында ауа райы біртіндеп тұрақталады. Жаңбыр тоқтап, ауа температурасы жоғарылай бастайды.
Солтүстікте күндізгі ауа температурасы +13+20 градусқа дейін, орталық өңірлерде +15+25 градусқа дейін төмендейді. Батыс өңірлерде ауа температурасы біртіндеп +20+30 градусқа дейін жоғарылайды.

11 қыркүйек 2026 ж. 26 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 67

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930