Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 22, 23, 24 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы да мүмкін. Ал Қазақстанның батысына антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, керісіне ауа температурасы көтеріледі. Күндіз ауа температурасы 34-39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.







