Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық басылады: тамыздың басында ауа райы қандай болады?

Аптап ыстық басылады: тамыздың басында ауа райы қандай болады?

Аптап ыстық басылады: тамыздың басында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 4, 5, 6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алдағы күндері Қазақстан аумағынан солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронттар өтеді. Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және орталық өңірлерде де нөсер жауын, кейбір жерлерде бұршақ жауады деп болжанып отыр.  Ауа температурасы да төмендейді. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 22-27 градус шамасында болады. Ал елдің шығысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, ауа температурасы 33-38 градустан 27-32 градусқа дейін төмендейді.
03 тамыз 2026 ж. 32 0