Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаздың соңғы айында аптап ыстық болады - синоптиктер болжамы

Жаздың соңғы айында аптап ыстық болады - синоптиктер болжамы

Жаздың соңғы айында аптап ыстық болады - синоптиктер болжамыТамыз айында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы синоптиктердің консультативтік ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, тамызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түседі, екпінді жел соғады, нөсер жаңбыр жауады. Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасында шамалы ауытқу болжанады:
  • республикамыздың солтүстігінде, орталығында түнде сынап бағаны +13...+18°С-тан +17...+22°С-қа дейін, күндіз +20...+25°С-тан +25...+30°С-қа дейін,
  • өңірдің оңтүстігінде +35...+37°С-қа дейін; елдің батысында түнде +15...+20°С-тан +20...+25°С-қа дейін, күндіз +28...+33°С-тан +36...+41°С-қа дейін;
  • республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде +18...+23°С-тан +22...+27°С-қа дейін, күндіз +29...+36°С-тан +35...+43°С-қа дейін;
  • шығыс өңірде түнде +12...+18°С-тан +15...+23°С-қа дейін, күндіз +23...+30°С-тан +28...+35°С-қа дейін.
Тамыздың екінші және үшінші онкүндігінде ыстық әрі құрғақ күндер салқын және жаңбырлыға алмасады, кейде найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Ауа температурасы:
  • батыс өңірлерде түнде: +10...+20°C, күндіз: +20...+30°С, жекелеген күндері ауа температурасының түнде: +20...+25°С, күндіз: +35...+41°С дейін көтеріледі деп болжанады;
  • еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде: +13...+18°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +28...+33°С-тан +15...+20°С-қа дейін төмендейді;
  • еліміздің орталығы мен шығысында түнде: +13...+18-ден +7...+12°С-қа дейін, күндіз +24...+29°С-тан +19...+24°С-қа дейін, жекелеген күндері ауа температурасының түнде +4...+9°С-қа дейін, күндіз +16...+21°С-қа дейін төмендейді;
  • республикамыздың оңтүстік-батысында, оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде +15...+20°С-тан +9...+14°С-қа дейін, күндіз +32...+37°С-тан +29...+34°С-қа дейін ауытқиды.
Айта кетейік, бір айға арналған ауа райы болжамы жалпылама сипатқа ие, ол синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіліп, алдағы онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

31 шілде 2024 ж. 79 0