Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұршақ жауып, үсік жүреді: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бұршақ жауып, үсік жүреді: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бұршақ жауып, үсік жүреді: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, елімізде найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел соғып, тұман түседі. 
«Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ҚР басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады, арасында бұршақ түседі деп болжанады. Республикамыздың солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста, оңтүстікте қатты жел соғады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі», дейді мамандар.

Түнде Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді, топырақтың беті қатып, үсік жүреді.  
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда, Түркістан облыстарының батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
07 мамыр 2024 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031