
2025 жылғы шілде айында Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп болжанып отыр. Елдің көп бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады, деп хабарлайды
Egemen.kz. Елдің оңтүстік өңірлерінде өте қатты ыстық температура күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауылдар болуы мүмкін. Бұл аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысында шілде айының басында баяу жылжитын циклонның әсерінен күндізгі ауа температурасы +18…+26°C шамасында болады. Алғашқы онкүндіктің соңына қарай +28…+33°C дейін ысиды. Атырау және Маңғыстау облыстарында біртіндеп ауа температурасы көтеріледі. Күндіз +25…+33°C-тан +30…+38°C-қа дейін ысу күтіледі. Солтүстік және орталық аймақтарда айдың басында ыстық күндер болса, кейінірек ауа райы салқындайды. Күндізгі температура +25…+35°C шамасында болып, кейін +18…+23°C дейін төмендеуі ықтимал. Шығыс өңірлерде шілденің алғашқы онкүндігінде ауа температурасы +30…+38°C-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 1–5 шілде аралығында оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі температура +15…+22°C-тан +25…+30°C-қа дейін жоғарылайды. Күндіз ауа +30…+39°C-қа дейін, кей күндері +40…+46°C-қа дейін ысиды. Температура тек алғашқы онкүндіктің соңында төмендеуі мүмкін.
Шілденің екінші және үшінші онкүндігінде еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерінде ең ыстық күндері ауа температурасы +33…+42°C-қа, ал оңтүстіктің кейбір бөліктерінде +46°C-қа дейін көтеріледі. Салқындаған күндері ауа +23…+28°C шамасында болады. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі температура +15…+23°C-тан +7…+12°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +32…+39°C дейін ысиды, кей кездері +18…+23°C дейін салқындайды.