Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз айында ауа райы қандай болмақ?

Тамыз айында ауа райы қандай болмақ?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері тамыз айында ауа райы қандай болатынын айтты. 

Тамыз айында орташа ауа температурасы солтүстік-батыс жартысында климаттық норманың жанында, ал оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1°С жоғары болады деп болжануда. 

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік – шығыс және шығыстың кей жерлерде нормадан аз болады деп болжануда.
Бірінші онкүндіктің ішінде белсенді циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, кей жерлерде нөсер жауады, сондай-ақ желдің күшейеді. Тек республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады.
Бірінші онкүндіктің ішінде ауа температурасы жоғары болады: 
батыста, солтүстік-батыста 15...25 жылы;
солтүстікте 17...25 жылы;
орталықта 25…33 жылы; 
шығыста 30 ... 38 жылы;
оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 30...38 ыстық.
Ал, бірінші онкүндіктің ортасында жылы ауа массасының әсерінен аспан ашылып, ауа температурасы жоғарылайды.
батыста, солтүстік-батыста 23...31 ыстық болады;
солтүстікте 25.33 °С ыстық болады;
орталық пен шығыста 33...39 °С ыстық болса, кей жерлерде 41°С-ге дейін ыстықты көрсетеді; 
оңтүстік және оңтүстік-шығыста 33.39°С, кей жерлерде 43°С дейін ыстық болады деп болжануда. 
01 тамыз 2019 ж. 750 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930