Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Наурыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болады?



Алдағы күндері Қазақстанда көктемге тән тұрақсыз, құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (арты жаңбырға ұласатын қар), тұман, көктайғақ. Ауа температурасы солтүстік бөлігінде түнде 0...5, кей жерлерде 10 градус аязға дейін, күндіз 0...5 жылыға дейін көтеріледі; оңтүстік бөлігінде түнде 0...5, кей жерлерде 10, күндіз 10...18 градусқа дейін көтеріледі.
5-7 наурыз аралығында Ресейдің оңтүстік бөлігі аймағынан келген суық антициклон бүкіл республика аумағында ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта сынап бағанасы түнде 10...15, кей жерлерде 20 градус аязға дейін төмендейді. Батыста оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 2...7 градус аязға дейін төмендейді.
Халықаралық әйелдер күні және демалыс күндері ауа райы қайта жылынады, күндіз батыста, оңтүстік-батыста 3...8 градус жылы болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта минус 5 градус аяз болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 10...15 градусқа дейін жылынады.
Айдың екінші жартысында суық қайтуы мүмкін.
01 наурыз 2019 ж. 1 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031