Қазақстанда тұман түсіп, нөсер жауады, кей жерлерде +44 градус ыстық болады
"Қазгидромет" синоптиктері 11, 12 және 13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін, ал еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі.
Қай жерде жаңбыр күтіледі?
Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің кей аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы, кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел соғуы болжанады. 11 тамызда Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр күтіледі.
Қазақстанның орталық және оңтүстік өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
+44 градусқа дейін ыстық
Күндіз ауа температурасы аймақтар бойынша айтарлықтай өзгеше болады. Батыста және орталықта +27...+39 градус, солтүстік-батыс пен солтүстікте +25...+35 градус күтіледі. Шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +30...+42 градусқа дейін көтеріледі.
Ең қатты аптап ыстық Қазақстанның оңтүстігінде +44 градусқа дейін ыстық болады деп болжанады.




