Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзде 900-ге жуық қызылордалық әскерге аттанады

Күзде 900-ге жуық қызылордалық әскерге аттанады

Биылғы күзгі мерзімді әскери шақыру науқаны барысында Қызылорда облысынан 900-ге жуық азамат мерзімді әскери қызметке жіберіледі.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент мәлімдегендей, әскери қызметке шақырылғандар Қазақстан Республикасының Қарулы күштерімен қатар Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі және ҚР Мемлекеттік күзеті сияқты құрылымдарға бөлінеді.
– Шекара қызметіне 120-ға жуық, Ұлттық ұланға 280-ге жуық, Мемлекеттік күзет қызметіне 14, Қарулы күштерге 400-ге жуық, Төтенше жағдайлар департаментіне 25 шақты азамат жолданады. Азаматтарды әскери бөлімдерге бөлу олардың денсаулық жағдайына, моральдық-психологиялық және дене дайындығына, білімі мен әскери-есептік мамандығына сәйкес жүргізіледі, – делінген хабарламада. 
Өткен жылы өңірден мерзімді әскери қызметке 1506 азамат жөнелтілді.
11 қыркүйек 2026 ж. 35 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 43

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930