Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзде 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады

Күзде 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады

Күзде 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырыладыҚазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, желтоқсанның аяғына дейін әскерден кейінге қалдыруға немесе әскери қызметтен босатылуға негізі жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 23 000-ға жуық ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Олар қайда барады?

Олардың ішінде 12 000-нан аса адам Қарулы күштер, 7 000 адам Ұлттық ұлан, 3 000 адам ҰҚК Шекара қызметі, 400-ден аса адам Төтенше жағдайлар министрлігі, 300-ге жуық адам Мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтырады.

Сарбаздарға қандай мүмкіндік беріледі?

Әскери қызметшілер әскери мамандықпен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие 20-ға жуық мамандықты тегін меңгере алады. Олардың қатарында жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы және тағы басқалары бар.
Бұдан бөлек, сарбаздарға әскери қызмет кезінде несие төлемін кейінге қалдыру және ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік білім гранты бойынша жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған.



02 қыркүйек 2026 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930