Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі шақыру науқаны аяқталды: 21 мыңнан астам азамат әскерге кетті

Көктемгі шақыру науқаны аяқталды: 21 мыңнан астам азамат әскерге кетті

Көктемгі шақыру науқаны аяқталды: 21 мыңнан астам азамат әскерге кеттіҚазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аяқталды. Жарты жылда 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат әскерге кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шақырылғандардың 11 мыңнан астамы Қарулы күштердің қатарында қызмет өткеретін болса, 7 мыңнан астамы Ұлттық ұлан қатарына жіберілген. Сондай-ақ 2 мыңға жуық азамат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 400-ге тарта адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, ал 300 азамат Мемлекеттік күзет қызметіне жолданды.
«Әскери қызметке шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы жолданды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату рәсімдері автоматты түрде іске асырылды», делінген хабарламада.
Мерзімді әскери қызмет кезінде жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын меңгеруге мүмкіндік берілген. Сондай-ақ сарбаздарға банк несиелері бойынша төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған.
Айта кетейік, әскери қызметін үздік нәтижемен аяқтаған сарбаздар жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім гранты арқылы түсе алады. Ал грантқа іліге алмаған талапкерлер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне құжат тапсыра алады. Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі запастағы 3 мың әскери қызметкер міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылатындығын хабарлаған еді. Заңға сәйкес, оқу жылы кезінде жұмыс істейтін педагогтер, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, кәмелетке толмаған үш және одан да көп баласы бар әкелер жиынға шақырылмайды.

02 шілде 2026 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930