Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды
Л.Толстой: «Майданда ерлік жасаудан гөрі, бейбіт күнде азаматтық ерлік жасау жүз есе қиын» деген екен. Өткен жылы бейбіт күннің астында жерлесіміз Мақсат Қыдырбаев ерлікпен бақилыққа аттанған еді. Ол, 1991 жылы ауданға қарасты Қызылқайың елді мекенінде дүниеге келіп, әжесінің қолында тәрбиеленеді. 1999 жылы №206 «Жиделіарық» орта мектебінің табалдырығын аттап, осы шаңырақтан түлеп ұшқан. «Болар бала жасынан» демекші ол киелі шаңырақта білім алып жүргенде-ақ топтың арасынан даралана білді. Күреске қатысып, аудандық, облыстық турнирлерде жауырыны жерге иіскетпей жүлдемен оралып, ауданның абыройын қорғады. Білім қуып Тараздағы М..Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанындағы көп салалы колледжінде «Заңгер» мамандығы бойынша тәлім алады. Отан алдындағы борышын да адал өтеп, аэроұтқыр әскерлеріне қарасты Қапшағай қаласындағы №35 десанттық шабуылдаушы бригадасында бір жыл азаматтық парызын атқарады. 2015 жылы ҚР-сы Қарулы күштері, «Оңтүстік» әскерлері қолбасшылығына қарасты 91678 әскери бөліміне келісім-шарт әскери қызметіне шақырылып, таулы егерлі ротасының аға маман лауазымында қызмет атқарады. Әскери бөлімде өзінің батырға лайық мінезімен дараланып, қарулас достарының алды болды. 2017 жылы ақпан айында арнайы тапсырманы орындау барысында Мақсат Қыдырбаев фәни дүниеге аттанды.
Батырдың батылдығын айтып, бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында ақпан айының 6 жұлдызында Жиделіарық ауылындағы орта мектепте Мақсат Қыдырбаевты еске алуға арналған кеш болып өтті. Оған ауыл тұрғындары, Мақсаттың ата-анасы мен бауырлары, қарулас достары мен оқушылар қатысты. Қаза тапқан жауынгердің құрметіне даңқ бұрышы ашылды. Бейбіт күннің батыры атанған Мақсаттың өмір жолын баяндайтын бейнероликтен соң, 1 минут үнсіздік жарияланды. Алғашқы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов киелі Шиелі топырағының қасиеттілігін тілге тиек етіп, осы өңірде дүние есігін ашқан тұлғалар жайында әңгіме өрбітті.
Бүгінгі күннің батыры Мақсат Қыдырбаевтың есімі ел есінен кетпейтіндігі, ендігі жерде дәстүрлі спорттық шара ұйымдастырылып тұратынын айтты.
Ал, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есен Әмзеев пен аталмыш мектиеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғазиза Сейтасқарова естеліктерімен бөліссе, «Оңтүстік» әскерлері қолбасшылығына қарасты 91678 әскери бөлімі камандирінің орынбасары Ардақ Сартранов пен жергілікті ауылдың ақыны, әрі Мақсаттың сыныптасы Ержан Әміров өлең шумақтарын арнап, қатысушылардың көзіне жас алдырды.
Ерұлан ДАТКЕНОВ.