Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында экс-шенеунікке 100 миллион теңге көлемінде айыппұл жазасы кесілді

Алматы облысында экс-шенеунікке 100 миллион теңге көлемінде айыппұл жазасы кесілді

Алматы облысының көлікті бақылау инспекциясының басшысының бұрынғы орынбасары  101,3 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Хабарланғандай, Ұлттық бюро департаменті облыстық көлікті бақылау инспекциясының басшысының бұрынғы орынбасары  мен оның қоластындағыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. 
Ер адамға  бірнеше тұлғамен алдын ала келісіп алып, тасымалдаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардан жүйелі түрде пара алып келді деп айыпталған. 
«Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Жантуров парақорлық фактілері бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 35 еселеген сомасы көлеміндегі 101,3 млн. теңге сома айыппұл жазасына тартылды», - дейді ведомстводағылар. 
Сондай-ақ қылмыстық схемаға қосылған оның бағыныштылары жазаның әртүрлі түрлеріне тартылды. Барлығы Жантуровпен бірге 4 лауазымды тұлға сотталды.
29 мамыр 2019 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031