Ақылды қаланың ауылы алыс емес
Бұл тұжырымдаманың өзі Жапонияда 1950 жылдары әйгілі бола бастаған. Ал, Қазақстан мемлекеті сол дамыған 30 елмен терезе теңестіру үшін рухани жаңғыруға бет бұрып, жаһандық бәсекеге қабілетін арттыру үстінде. Сондықтан, Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын Қазақстан халқына жариялап, кеңінен түсіндіруде. Онда көрсетілген «ақылды қала», «ақылды ұлт» жобалары да әлем деңгейіндегі алдыңғы қатардан бой көрсететін озық елдердің тәжірибесімен ұштасып жатыр. Мысалы, Сингапурде «Ақылды халық» бағдарламасы 2014 жылы енгізілген. Бұл әзірге әлем бойынша деректер жинақтаудан алдыңғы қатарлы жоба саналады. Мәселен, бағдарлама шыққан жылы-ақ «Виртуал Сингапур» жобасы іске қосылған. Оның бір ерекшелігі, ондаған мың бейнекамера орнатылып, онлайн карта арқылы кез келген қала тұрғыны аймақта не болып жатқанын көре алады. Айталық, қоқыс тазалау қызметі қаланың қай бұрышы ластанғанын көріп, сол жерге дереу жетеді. Немесе көлік қызметіндегілер аялдамада адам саны көп екенін байқаса, қосымша автобус жібереді. Сондай-ақ, бұл жобаның тиімділігі тұрақта қай орынның бос екенін де алдын ала қарауға мүмкіндік береді. Дамыған елдерге көз тастасаңыз, ІТ-технологияның құдіретіне бас иіп, адам өмірін жеңілдету жолында жасалып жатқан дүниелерге қайран қаласың.
«Ақылды қала» жобасын жүйеге енгізіп, түгел қиыншылықтарды технологияның көмегімен еңсеруді жоспарлаған Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысында ақылды технологияға негізделген біршама жұмыстар қолға алынуда. Жалпы, Сыр өңірі «ақылды басқару» жүйесі бойынша эксперименттік облыс болып бекітілген болатын. Алдағы 4 жыл бойы жобалар іріктеліп, онан кейін өзге өңірлерде жүзеге асырылады. Қазір облыстық ахуалдық орталық мамандары әлемнің озық елдеріндегі ауыл шаруашылығын жүргізу, қаланы басқару, инклюзивті қоғамда өмір сүру секілді түрлі тәжірибелерді салаларға енгізу мәселесін сараптауда. Ал, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары күнделікті тіршілікте ресурстар мен қызметтерді басқару тиімділігін арттыру мақсатындағы тың жобаларды ұсынып отыр. «Ақылды басқару» жүйесі қолымыздағы ұялы телефон, ноутбук, тіпті компьютер сынды дүниелермен пульт секілді жұмыс жасауға үйретеді. Осы құрылғылармен есікті ашып-жабу, газды, жарықты қосу, өшіру сияқты қызметтерді орныңыздан қозғалмай-ақ, бір тетікті басу арқылы орындауға болады.
Ал, егер үйіңізде құбырдан ақау болып, газ иісі шығып жатса, телефоныңызға SMS келеді және қашықта болсаңыз да құбырды бекітіп, төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндігіңіз бар. Тағы бір идея – «Онлайн паркинг» жобасы. Сандық жүйеге көшу, «Smart City» концепциясын жетілдіру мақсатында Қызылорда облысында 22 жоба нақтыланды. «Ақылды қала» тұжырымдамасының үлкен бір тармағы – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағыты. Сырдарияның сол жағалауында салынып жатқан жаңа қалада осы тұрғыдағы тың жобалар тәжірибеге енгізілетін болады. Сонымен қатар, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қоғамдық кеңеске есеп беру кездесуінде «Ақылды қала» жобасы аясында «Orda wi-fi» жобасы іске қосылатынын жариялаған болатын. Яғни, халық көп шоғырланған демалыс орындары мен саябақтарға тегін интернет желісі орнатылатын болады. Осы жоба арқылы кез-келген тұрғын ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік көрсетілетін электронды қызмет түрлерін пайдалана алады. Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бұлтты бейнебақылау» жобасы іске қосылмақ. Арнайы жасалған мобильді қосымшаны ұялы байланыс телефонға жүктеп алса болғаны. Ауладағы бейнежазбаның барлығын көруге болады. Тіпті, жеті күндік мұрағатты сақтау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, облыс орталығында көшені жарықтандыруды автоматтандыру да қолға алынды. Осы бастамалар кеңінен қанат жайып, «ақылды басқару» жүйесі жандана түсер болса, әрі қарай жоба аудандарда жүзеге асырылатын болады.
Ақылды қаланы басқару үшін ІТ мамандар ауадай қажет. Осыны ескерген облыс әкімі Қ.Көшербаев 500-ге жуық сырбойылықтардың Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу орталығында білім алуына жағдай жасаған болатын. Оның ішінде Шиелі ауданының жастары да бар. Демек, «ақылды басқару» жүйесін жүзеге асыратын мамандар дайындалуда.
Гүлнәр Дүйсебай.