Озық технология өңір өмірінде
Өркениет биігіне ұмтылған дамыған елдерде «Ақылды қалалар» қалыптастыру бүгінде әлемдік үрдіске айналған. Бұл үрдісті ұстанған елдердің басты мақсаты – қалалардың тұрмыстық қызмет көрсету деңгейін барынша дамыту арқылы тұрғындарға жағдай жасау.
«Ақылды қала» болмаса да, ауданымыздың да осы лектен көрінуіне мүмкіндігі зор. Қазіргі таңда өңіріміз ерекше даму үстінде. Ауданда инновациялық қадамдар үшін атқарылып жатқан ауқымды істер мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асуда. Экономикасы күн санап артып, шағын және орта кәсіп қанатын кеңге жаюда. Оның айғағы ретінде ауданның өнеркәсіп орындары өткен жылы 21 млрд. 639 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 4625 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелгендігін және оларда 7646 азаматтың жұмыспен қамтылғандығын тілге тиек етуге болады. Осынау әлеуетімізді одан әрі арттыру жолында бірқатар индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша іргелі жобаларды жүзеге асыру да қолға алынуда.
Осындай даму қарқыны құмбыл өңіріміз үшін Елбасы Жолдауындағы «Смарт сити» жобасы алынбас қамалдың көрінісі болмақ емес. Сол жобалар жүзеге асса, әрбір тұрғын күнделікті тұрмыста өзін ыңғайлы сезінулері үшін жан-жақты жағдай жасалады.
«Ақылды» технологияларды енгізуді алдымен ел экономикасы мен адам өмірі үшін ең маңызды салалардан бастау қажет. Мәселен, дәрігерге көріну үшін алдымен тұрғындар карточканы қолға алып, аудандық емханадан талон алады. Талон алу үшін әуелі нөмір алуыңыз керек. Нөмірің келіп, талонға барғанда таусылып қалатын кездер де жиі орын алады. Халықтың реніші, жанайқайы сол кезекпен, талонмен болып, қай дәрігерге келіп, қандай науқаспен тұрғаны да есінен шығып кетеді.
Небір «қияметпен» кезегің келгенде дәрігер «жұмыс уақытым бітті» деп есікті жауып кете барады. Кішкентай баламен, болмаса, ауырып келіп тұрған науқас жабылған есіктің сыртынан ғана қайтуға мәжбүр. Міне, осы тұста «ақылды қаланың» бір жобасы кентімізде жүзеге асса, халық бұлайша әбігерге түспес еді.
Егер, кентімізде дәрігерге онлайн түрінде жазылып, емхана қабылдауына тіркелсе, дәрігерге диагноз қою барысында жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау үшін бұл оңтайлы іс болмақ. Мұндай жағдайда сабылып, уақытын текке кетірген халықтың қарасы азаяр еді. Немесе, өзіңіздің аздап сырқаттанып қалғаныңызды сезіне тұра жедел жәрдем шақырудың аса қажеті болмайтын кез болады. Мұндайда электронды медициналық карточка болса, адамдар алдын ала дәрігерлердің кеңесіне телефон арқылы жазылып, қандай дәрігерге бару туралы кеңес алады. Сөйтіп, бұрынғыдай қағазды өзімізбен бірге алып жүрудің қажеттілігі туындамайды. Дәрігер де науқас жайлы мәліметтерді алдын ала электронды түрде біліп отырады. Әрі, қағазбастылықтан арылып, науқасқа көбірек көңіл бөледі. Сондай-ақ, медициналық көліктердің заманауи ақпараттық-навигациялық кешендермен жабдықталуына қол жеткізсек, жедел жәрдем қызметі уақытын үнемдеп, шақырған жерге жеткізетін қысқа жолды анықтай алмақ.
Барлық жүйені цифрландыру арқылы жоғарыда аталған қызметтің кез келген түрін күнделікті қолданып жүрген смартфондарымызбен жасауға мүмкіндік туады. Бұл әрі тиімді, халық үшін қолжетімді болмақ. Мысалы, қалта телефонымен су, жарық секілді өзге де коммуналдық қызметтерді табанынан тозып, кезек күтпей-ақ төлеуге қол жеткізетін боламыз.
XXI ғасырды білім ғасыры дегенімізбен, мектеп процесстерін автоматтандыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету ауданымыз бойынша баяу жылжуда. Мектептерде «ақылды» жобалар жүзеге асса, оқушыларды арнайы құрылғымен мектептің барлық аумағында орналасқан камера арқылы бір жерден бақылау мүмкіндігі туып, онлайн жүйесімен ата-аналар балаларының мектепке қай уақытта барып, қай уақытта шыққанын, оқу үлгерімін қадағалауға қол жеткізер еді. Сынып журналдарының да, сандық жүйеге ауысуы ұстаздар үшін де қолайлы әрі ыңғайлы.
Бүгінде, Елбасының көреген саясатының арқасында көптеген ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Осының барлығы Қазақстанды бәсекеге қабілетті озық елдердің алдыңғы қатарына шығару. Елбасының Жолдауында айтылған басты он міндетті бірлесіп жүзеге асырсақ, Қазақстан әлеуметтік және экономикалық жағдайы мықты елге айналатыны айқын.
Дина ЖҮСІП.