Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Фронт-офис жұмысын бастады

Фронт-офис жұмысын бастады

Шиелі ауданының Полиция бөлімінде фронт-офис ашылды. Қазіргі таңда аталған баспасөз бұрышы жұмысын қарқынды бастап кетті. Бұл орталық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес әрі қоғамның сұранысы бойынша ұйымдастырылған.
Фронт-офис Шиелі кенті, М.Шоқай көшесіндегі №5 ғимаратта, яғни, полиция бөлімінің бірінші қабатынан ашылды. Қазіргі таңда арнайы жасақталған кеңесші-мамандар халыққа сапалы қызмет көрсетуде. Сонымен қатар бөлім бастығымен бекітілген арнайы кестеге байланысты мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша азаматтарға заң тұрғысында әр түрлі кеңес береді. Шиелі ауданының полиция бөлімінің фронт-офисінде бөлім бастығы, полиция подполковнигі Серік Тоқтыбаев әр айдың соңғы аптасының сәрсенбі күні азаматтардың сұрақтары бойынша қабылдау жүргізетін болады.

«Өскен өңір» ақпарат.

25 мамыр 2019 ж. 1 754 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031