Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеуніктер жауапкершілікке тартылды Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз

Қызылордалық кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеуніктер жауапкершілікке тартылды Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз



























ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіргені үшін лауазымды тұлғалар тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз
Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт офис инвесторлар мен бизнестің құқықтарын қорғауды қолға алды. «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Protecting business and investments» фронт офисі алаңында инвесторлар және кәсіпкерлердің шағымдарын қараудамыз. Бұл бізге кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін жедел қарап, бизнестің қызметіне кез келген араласудан қорғауға мүмкіндік беріп отыр. Фронт офис жұмысы барысында 10-нан астам өтініш түссе, оның ішінде 5 өтініш лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетіне қатысты болды. Шағымдарды қарау нәтижесінде кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіргені үшін 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған болса, 1 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды» - деді департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Ізкенов. Сонымен қатар, Қызылорда облысында фронт офис 356,2 млрд теңге болатын 12 инвестициялық жобаға сүйемелдеу жүргізеді. 
02 қараша 2018 ж. 1 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930