Қақаған суық жүректі суыта алмады
Өткен апта мен осы аптаның басы биылғы қыс мезгіліндегі ең суық күндер болды. Мектептегі бастауыш сыныптардың сабақтары тоқтатылып, жаяу жүргіншілерге қиындық тудырғаны жасырын емес. Бірақ осы қақаған қыс ауасы қаншалықты салқын болса да қайырымды жандардың жүрек жылуын суыта алмады.
Аудандық орталық мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен дүйсенбі күні аудан орталығында «Ақысыз қызмет көлігі», яғни, тегін такси акциясы болып өтті. Арнайы қызмет көрсеткен екі автокөлік таңның атқанынан күннің батқанына дейін аялдамаларда тоңып тұрған тұрғындарды ақысыз тасымалдап, алғысын алды.
Қайырымдылық істің басы-қасында жүрген қайырымды жандарға: «Сіздерге Алла разы болсын!» - деп тұрғындар атынан бізде алғыс айтамыз.
Е.ДАТКЕНОВ.