ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ...
Жуырда «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Мәдениет үйі» Бастауыш партия ұйымы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінде Елбасы Жолдауын насихаттау және халыққа түсіндіру мақсатында мектеп-лицей ұстаздарымен семинар өтті.
Семинар барысында мектеп-лицейінде оқу ісі жөніндегі орынбасары бастауыш партия ұйымының хатшысы А.Асанұлы Елбасы Жолдауы төңірегіндегі ойларымен бөлісті. Елбасы шешімімен халық талқылауына салынып отырған өзгерістер туралы толық әңгімелеп, олар еліміздің мемлекеттік билігін демократияландыра түсу ісіндегі аса маңызды қадам болып табылатынын түсінікті тілмен жеткізді. Сондай-ақ, халық қалаулысы Қазақстанның «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жаңғыруын көздейтін Елбасы Жолдауының мәнін баяндау барысында жаһандық бәсекелестік пен әлемдегі тұрақсыздық жағдайында туындайтын сын-қатерлерге қарсы тұруға орай көзделген бағыттар жөнінде де баян етті. Өз сөзінде А.Асанұлы Қазақстан бүгінгі таңда әлем тағдырына ықпал жасап отырған мемлекет екендігін де баса айтты. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған «Цифрлық Қазақстан», адами капиталды арттыру мәселелері бойынша да әңгіме өрбітті. Ал елі¬міздегі күн, жел энергияларының аса маңыздылығына да тоқталды. Өз кезегінде мектеп-лицей қызметкерлері Жолдау жайында өз ойларын ортаға салып, Елбасы бастамаларына қолдау білдірді. Өздерін толғандыратын жайларға қатысты қойған сұрақтарына толымды жауаптар алды.