Тұлғалардың өтініштері сапалы қаралуы қажет
Құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде Қазақстанда азаматтардың еркін де тыныш өмір сүруі, олардың заңды құқықтарының сақталуы мен қорғалуы,қоғамда заң үстемдігін орнату – мемлекетіміздің басты айынымас бағдары болып табылады.
Конституциядан бастау алатын елімізде барлық қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мен азаматтардың құқығын қорғауға бағытталуда. Осыған дәлелретінде 2007 жылғы 12 қаңтарда қабылданған«Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (ары қарай - Заң) деп айтуға болады. Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға және қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Осы орайда, осы саладағы заңдылықты қадағалау ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарының қызметіндегі басым бағыттарының бірі болып келеді.
Атап айтқанда, Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасымен 2018 жылдың қорытындысымен облыс көлемінде 68 мемлекеттік органдардың тұлғалар өтініштері туралыстатистикалық есептеріавтоматты түрде қалыптастырылды.
Сонымен қатар, өткен жылы Басқармамен мемлекеттік органдарда жүргізілген тексерулер мен мониторингтердің нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарға байланысты қолданылған прокурорлық қадағалау актілерінің негізіндежауапты қызметкерлер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Бұған қоса, Басқарманың бастамасыменмемлекеттік органдарда оқыту сабақтары ұдайы өткізіліп, ондақызметкерлердің білімдерін жетілдіруге, тәжірибелікжәне методикалық көмектер көрсетіліп отырады.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысымен қалыптастырылған статистикалық есепте мерзімі бұзылып қаралған өтініштер, есепті мерзімнің аяғына қалдықта қалған өтініштер және қайталама түскен өтініштер саны едәуір азайғаны байқалады.
Мемлекет пен азамат арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Оның тиімділігі азаматтарға мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қызметі сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Сондықтан, тұлғалардың өтініштерін қарауда әуре-сарсаңға салып, мемлекеттік органдар арасында сандалтуды азайту, мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін жауапты қызметкерлердің жеке жауапкершіліктерін арттырып,оған мемлекеттік органдар басшылары тарапынан бақылауды күшейтуге басты назар аудару қажет.
ҚР Бас прокуратурасы
ҚСжАЕК-нің
Қызылорда облысы бойынша
Басқармасының аға прокуроры Е.Жукашев