Заңды тұлғаларды тіркеу
Бүгінгі таңда әділет органдарының негізгі қызметінің бірі – заңды тұлғаларды мемлекеттік және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу болып табылады. Тіркеуші яғни әділет органдары заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, бизнесті сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді, мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметке әдістемелік басшылық жасауды және осы Заң талаптарының орындалуын бақылайды. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгіленген нысан бойынша өтініш, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның қазақ және орыс тілдерінде жасалған үш дана жарғысы (ережесі), уәкілетті органның не құрылтайшының заңды тұлға құру туралы шешімі, тұрған жерін растайтын құжат, тіркеу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі. Акционерлік қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдерінің мемлекеттік тіркеу кезінде жарғылары, ережелері ұсынылмайды.
Сонымен қатар жарғылық капиталының мөлшері азайғанда, атауы немесе шаруашылық серіктестігіндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеуден өткізеді.
Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қайта тіркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерінің өзгергені туралы мәліметтер бір ай мерзімде берілмегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 466 бабының 1 бөлігіне сейкес, ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әділет органдары заңды тұлғалардың басшысының, коммерциялық емес ұйымдардың жарғыларына (ережелеріне) енгізілген және басқа да өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлануы тиіс.
ҚР ӘҚБтК-нің 466 бабының 2 бөлігіне сәйкес, тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгергені туралы уақытылы хабарламау – ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ерікті немесе сот шешімінің негізінде заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының тіркелуі де тіркеуші органдар арқылы жүзеге асады.
Заңды тұлғаларды электронды тіркеу әдісі қолжетім. Атап айтқанда, кәсіпкерлер электронды үкімет порталы (www.egov.kz) арқылы түрлі анықтамалар, электронды қолтаңба алып, тиісті төлемдерді жүзеге асырады. Тіпті мемлекеттік тіркеуден өтіп, заңды тұлға ретінде тіркелгендігі жөніндегі хабарламаны да алады. Бұл қызмет түрі тек кәсіпкерлердің уақыттарын үнемдеп қана қоймай, әділет органдарының да қызметін жеңілдетеді
Шиелі ауданының Әділет басқармасының
бас маманы Е.Шакайдар