Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңды Тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу және әкімшілік айыппұлдар туралы

Заңды Тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу және әкімшілік айыппұлдар туралы


Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу соңғы уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады және өзінің жеке бизнесін құру кезінде жеке және заңды тұлғаларда көптеген сұрақтар туындайды.

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың ҚР-ның заңнамасына сәйкестiгiн тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 (ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылдың 18 маусымында №11384 тіркелді) заңды тұлғалардың реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы өтініш тапсырады. Содан кейін ХҚКО-ның қызметшілері ҚР Заңында қарастырылған тәртіпте Әділет басқармаларына, яғни тіркеуші органдарға ұсынылады.
Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бірі болып қол қояды.
Егер де заңды тұлғаны тіркеу туралы өтініште шетел қатысуы орын алса, онда (ҚР бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе) өтініштен басқа қосымша келесідей құжаттар тапсырылады: 1) шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге; 2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжаты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.
Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсырған кезде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда) бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу баламалы түрде субъектілердің ықыласына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілуі мүмкін. Ол үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш «электрондық үкіметтің» веб-порталында толтырылады және ұсынылады, электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Ал, тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін), филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат ретінде ҚР-ның Үкіметімен бекітілген нысан бойынша тіркеуші органмен ұсынылатын анықтама болып табылады
Заңды тұлғаларды тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласы бойынша ағымдағы жылы əділет басқармасына заңды тұлғалардан жəне филиалдардан 50 өтініш келіп түсті. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша 177 құқықтар (ауыртпалықтар) электрондық тіркеу жүргізілген. Ағымдағы құқықтарды. Қазақстан Республикасының «Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 460 бабына сəйкес, 18 әкімшілік материал 396 825 теңгеге айыппұл салынып, өндіріп алынды.
Шиелі аудандық Әділет басқармасының
бас маманы Е.Шакайдар
28 сәуір 2018 ж. 1 944 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930