Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапасыз қызмет көрсеткен адвокаттар жауапкершілікке тартылатын болады

Сапасыз қызмет көрсеткен адвокаттар жауапкершілікке тартылатын болады


«Адвокаттық  қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Қазақстан Республикасының   Заңы жобасы

           Қазақстан Республикасында тұратын әрбір  азамат құқық субъектісі ретінде  танылуға құқылы. Әркім заңды мүдделері мен бостандықтарын қорғау үшін білікті заң көмегін алуға құқылы.
    Мемлекетімізде әр адам өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға  және білікті заң көмегін алу мемлекет кепілдік берген  және де ҚР Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесу адвокаттық қызметпен көрсетіледі.
     Адвокаттық қызмет – жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заң көмегі.
      Қазіргі таңда елімізде білікті заң көмегін көрсету жүйесін дамытуға  бағытталған шаралар қолға алынып жатыр. Ол Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен әзірленген «Адвокаттық қызмет және заң көмегін  көрсету туралы» Заңы жобасы. Жоба    мемлекетпен кепілдендірілген  заң көмегінкөрсету нормаларымен қатар, жеке кәсіп ететін заңгерлердің  қызмет көрсетуі нормаларынан тұрады.  Ең алдыменмемлекетімізде адвокаттық қызметке дегенсұранысты қамтамасыз етумақсатында   алғашқы мүшелікке кіру тәртібі  жеңілдету қаралған.  Яғни, мүшелікке кіру үшін төленетін  жарнапұл мүлдем алып тасталады.   Қолданыстағы заңнамалармен  адвокаттардың біліктілігін аттыру  тәртібі мен стандарттары белгіленбегендіктен  адвокаттар құрамының сапасын арттыру мақсатындааттестациялау  және кәсіби біліктіліктерін жыл сайын көтеріп отыру  механизмі енгізіліп отыр.  
    Сонымен қатар Заң жобасымен  адвокаттық кеңселердің қызмет ету механизмі қайта қаралды. Адвокат кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.  Адвокат кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады (ұйымдастырылады). Адвокат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады.
    Заң жобасында «заң кеңесшісі» деп аталатын жеке кәсіп етуші заңгерлердің қызметіпалатаға біріктірілмек. Заң кеңесшісі – бұл жоғары заң білімі бар,  заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, заң кеңесшілерінің палатасының тізілімінде тұрған және заң көмегін көрсететін жеке тұлға. Соттарда тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түріндегі зңгерлік көмек көрсететін жеке тұлғалар үшін заң кеңесшілері палатасында мүше болу міндетті. Заң кеңесшілерінің палатасы, заңгерлік көмек көрсету бойынша қызметті реттеу мақсатында және Қазақстан Республикасының заңгерлік қызмет туралы заңнамасын, заң кеңесшілері мүшелігі шарттарында бірлескен, заң кеңесшілері палатасының бірыңғай тізіліміне енген, заң кеңесшілері палатасының ережелері мен стандарттарының, Кәсіби этика кодексінің талаптарын сақтау бөлігінде құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым болып танылады.
   Адвокаттар қызметіне  ақпаратттық технологияларды енгізу ұсынылып, ақпарат алу жүйесін жеңілдетуді, адвокаттар тізімін қалыптастыруды, сатистикалық есептілікті қалыптастыру мүмкіндіктерін қолданумақсатында «Е –адвокатура» ақпараттық жүйесін қалыптастырмақ.
    Аталған заң жобасы адвокат қызметінің ашықтығы мен жариялығы қағидасын ұстана отырып,азаматтарға көрсетілетінқызметтердің  тарифтік сеткасын (қызмет бағасы) бекітпек. Сондай –ақ,  сапасыз заң көмегі  көрсетілген жағдайлар орын алған жағдайда, міндетті сақтандыружүзеге  асырылмақ. Ал сапасыз заң көмегін көрсеткен адвокаттар жауапкершілікке тартылатын болады.
                         Шиелі аудандық әділет                                         
басқармасының бас маманы
        А.Сарсембиева 
23 қараша 2017 ж. 2 033 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930