Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Соғым жайлы

Соғым жайлы



Желтоқсан бел ортасынан асып, күн райы суыта бастаған уақытта қазақы дәстүр бойынша әр шаңырақта соғым сойылады. Қала халқы бұл рәсімнен алыстап қалса да, ауылдағы ағайынмен айырбас жасап, соғымның етінен ауыз тиері анық. Айырбас дейтініміз белгілі, қаладан ауылға қысқарған, сөрелерде киілмей тұра берген киімдер жөнелтілсе, қыста ауылдан қалаға соғымның еті жіберіледі. Соғым сою дәстүрі ағайын туыстың басын қосып, тәтті қуырдақтан дәм татқызатын, жылына 1 рет қана келетін мейрам деп айтса болады. Осы дәстүрдің құндылығын жоғалтпау қоғамның қолында. Соғымға қазақ ірі қара малды сояды. «Қыстың қамын жаз ойла» дегендей соғымға сойылатын мал алдын ала 2-3 ай бұрын таңдалып, жем-суы уақытында беріліп бордақыланады. Таңдалған ірі қараны 2-3 ай бойы қимылдатпастан, қараңғы қорада жемдейді. Жоспар бойынша, соғымның сойылар күні келгенде ағайын-туыс шақырылып, қасапшы жігіттер арнайы соғымға арналған өткір пышақтарын, шарық қайрақтарын дайындайды. Мықты арқанның көмегімен ірі қараны жығып, аяқтарын мықтап байлап соғым бауыздауға дайын болғанда жасы үлкен ақсақал соғымға бата береді. Одан арғы жұмыс ер жігіттердікі. Алқымы тазаланып, терісі сыпырылып, қарыны жарылғаннан кейін қыз-келіншектер ішек-қарынды тазалауға кіріседі. Осылайша, үдеріс жалғаса береді. Соңында, соғым сойылған үйдің иесі өкпе, бауырдан немесе тек еттен қуырдақ дайындайды. «Соғым шүйгін болсын» айтып келген қонақтар астан дәм татады. Тарқасар уақытта қасапшыларға жұмысының еңбегі үшін бір-бір асым еттен таратылады. Соғымға ірі қараның ішінен жылқы сойылғаны дұрыс. Себебі, жылқы еті қыстың күнінде адамның күш-қуатын арттырып, ауру-сырқаудың алдын алады. Қазысы дәмді және еті бойға сіңімді келеді. Ертеректе, ата-бабамыз жылқы сойғанда оның бүйрек майын шикідей жеген екен. Қазақта «мешкей» деген сөз, осы майды пісірілмеген күйінде жеген адамдарға айтылған екен. Бірақ, соғым уақытында мал базарларындағы жылқының бағасы шарықтап кететіндіктен, көбісі кішілеу тайыншаларға таласып жатады. Кейбіреулер, түйенің етін жақтырмай, жағымсыз иісі бар деп соғымға түйе союды қолдамайды. Бірақ, халық аузындағы «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» деген мақалға қарап түйе етінің басқаларға қарағанда мол болатындығына көз жетеді. Соғымның етін әр аймақта әр түрлі сақтайды. Солтүстік қазақтары соғым сойылғаннан кейін оны міндетті түрде ыстап сақтайтын болса, оңтүстік, шығыс аймақта етті тұздап жаяды. Ал кей өңірде етті сақтайтын жер болмаса, барлық азықты сол малдың қарнына салады екен. Қой мен жылқының еті өзінің қарнына еркін сыйып кетеді. 

osken-onir.kz
01 қаңтар 2019 ж. 4 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031