Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨТКЕН КҮНДЕР СӨЙЛЕЙДІ

ӨТКЕН КҮНДЕР СӨЙЛЕЙДІ


Осы жылы еңбектері еленген «Гигант» колхозы­ның аға шопаны Ағыбай Асанов, «Қызылту» кол­хозының күріш звеносының жетекшісі Ыбырай Жақаев, «Гигант» колхозының жүгері звеносының жетекшісі Сартай Маханбетовалар Қазақ ССР-нің «Құрмет алтын» кітабына енгізу жөнінде қаулы қабылданған.
№8, 16 май, бейсенбі, 1963 жыл.
***
«Қызылту» колхозының №2 өндіріс бригадасы егілген 180 гектар жүгерісінің 75 гектары дәнді өнімге, 105 гектары сүрлемге арналған. Бригада мүшелері арамшөптен арылтып, суғару бастаған. Мұнда жүгеріні даңқты диқан Сартай Маханбетованың әдісімен ызалап суғару тәсілі қолданылған.
№14, 30 май, бейсенбі, 1963 жыл.
***
«Қазақстанның ХХХ жылдығы» колхозының шопаны Уаида Әлиханов қарамағындағы 464 бас аналықтың әр жүзінен 170-тен қозы алып, әр қойдан 3 килограмнан жүн қырыққан. Әр жүз аналықтан 180-нен қозы алып, қаракөл елтірісінен 85 пайыз бағалы елтірісін өткізген.
№18, 8 июнь, сенбі, 1963 жыл.
***
Атақты шопан Нартай Көкиев қарауына бекітілген әр 100 аналықтан 192-ден төл алып, өзінің социалистік міндеттемесін артығымен орындап, шырқау биікке көтерілді.
№21, сенбі, 15 июнь, 1963 жыл.
***
Ленин атындағы колхоздың «Қызылдихан» участогіндегі Сатан Шауқабаев күтіп-баптаған арпаға орақ түсті. Бірінші бригада арпа оруға 2 комбайн және «ДТ-54» тракторына орнатылған жатка дайындап, бригада 100 гектар егінді 7 күн ішінде жинап алған.
№23, бейсенбі, 20 июнь, 1963 жыл.
***
Ауданымызда сол кезде басқа егінмен қатар асбұршақ та егілді. «Қызылту» колхозының №2 өндіріс бригадасында 8 гектар асбұршақ егілсе, оны оқушылар оруға кірісті. Бұл жұмысқа Ақтоған сегізжылдық мектебінің оқытушысы У.Нақыпбаев басшылық жасап, 17 оқушы алғашқы күннің өзінде-ақ 2 гектар асбұршақ орды.
№25, сейсенбі, 25 июнь, 1963 жыл.
***
Шиелі орман-тоғай мекемесінің жұмысшы қызметкерлері «Ызалыкөл» участогіндегі 5 гектар жерге 1500 түп Қырымның жаңа сортты алмасын, 2 гектар жүзім, 3 гектар өрік, 10 гектар қара ағаш егілді.
№26, бейсенбі, 27 июнь, 1963 жыл.
***
Абай атындағы орта мектептің оқушыларынан жасақталған звено «Қазақстанның ХХХ жылдығы» колхозынан 50 гектар жүгері егіп, оның әрбір гектарынан 45 центнерден дәндей өнім алып беруге міндеттеме қабылдаған болатын. Оқуды өндірістік пайдалы еңбекпен ұштастырған оқушылар міндеттемелерін асыра орындауға атсалысқан.
№31, сейсенбі, 9 июль, 1963 жыл.
***
«Төңкеріс» колхозының күріш звеносының жетекшісі Ертіш Дүйсеков 25 гектар күріш егіп, арам шөптерден тазалап, күріштің әр гектарынан 40 центнерден өнім алды.
№31, сейсенбі, 9 июль, 1963 жыл.
06 маусым 2018 ж. 1 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930