ӨТКЕН КҮНДЕР СӨЙЛЕЙДІ
Құрметті оқырман, биыл Шиелі ауданының құрылғанына 90 жыл.
Осынау 90 жылда Шиелі толағай табыстарға кенелді. Ауыл-аймақтар қалыптасты. Шекарасы шегенделді. Мыңдаған гектар алқап инженерлік жүйеге келтірілді. Аграрлық секторда алға оздық. Тау-кен саласында да ілгерілеушілік бар. Құрылыс шаңын көкке үйіріп, түрлі-түрлі нысандар бой көтерді. Шиелінің дабысы жер жарып, әлемге әйгілі болды. Өсіп-өнген өлкеден 5 ғасыр адамы, 41 Еңбек Ері, ғалымдар, жазушылар, ақындар, мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты. Халқының саны өсті. Әлеуметтік жағдайы жақсарды. Мәдениеті мен өркениеті, халқының менталитеті талайды тамсандырды. Қоршаған орта жасыл-желекке көмкеріліп, Шиелі Швейцарияға теңелді. Аудан Сырдың маржанына айналды. Ғасырға жуық тарихымыз қалыптасты.
Алдыңғы буын ағалар құрған қоғам гүлденді. Жас ұрпақ жайқалып жетілді.Бейбіт те берекелі елде өмір ағымы қалыпты жүріп жатыр. Осы орайда, елмен бірге жасап келе жатқан бірден-бір ақпарат айнасы «Өскен өңір» газеті Шиелінің 90 жылдық құрметіне орай газет бетінен «Өткен күндер сөйлейді» атты айдар ашуды жөн көрді. Мақсаты – Шиелінің шоқтығын биіктетіп, абыройын асырған алдыңғы толқын ағалардың кешегі күнгі еткен ұшан-теңіз еңбегін, бел шешпей шеккен бейнеттерін бүгінгі ұрпақтың назарына салу. Жас жеткіншектерді еңбекке, отан сүйгіштікке шақыру, алдыңғы буын адамдарының осынау қоғамды қалыптастырудағы жанкешті жұмыстарын, төгілген алапат маңдай тердің құнын, қадірін ұғындыру. Қазіргі ата-әжелеріміздің, аға-апаларымыздың бет-әлпетіне енген әжім мен тарамыстанған қолдарда, еңкіш тартқан иық пен бүгілген белдерде ауыр бейнеттің, еселі еңбектің ізі жатқанын аңғарту.
Біздің бұл айдар газеттің әр жылдарында жарық көрген мақалалар легін жариялай отырып, өткен күндерді сөйлетпек. Ауылдардың, елді-мекендердің, түрлі әлеуметтік нысандардың салыну тарихын, уақытын көрсетпек. Еңбек адамдарын насихаттамақ. Сол арқылы кешегі көшкен уақыт пен бүгінгінің арасын байланыстырып, жадыдан өшкен, естен кеткен күндерді жұрт жадында жаңғыртпақ. Жарияланған материалдарда біріңіздің әкеңіз, енді біріңіздің атаңыз, аға-іні, туған бауыр, қарындастарыңыздың есімін кезіктіріп, тани қалсаңыздар редакциямен байланысып, ол туралы ақпараттың нақты көшірмесін алуға мүмкіндіктің бар екендігін назарға саламыз. Сіздердің де аудан тарихына қатысты естеліктеріңіз, айтар әңгімелеріңіз, фотошежірелеріңіз болса, мархаббат! Оны біздің айдар
аудан жұртына паш етуге әзір.
Н.Пірімбет.
Өскен өңір» мұрағатынан
Шежіре – ел тарихы. Тарих – ата-бабаларымыздың, аға ұрпақ өкілдерінің басып өткен өмір жолы. Шиелі тарихы жайлы сөз қозғағанда өткенге көз жіберіп, оның біршама деректерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Сыр бойы қазақтарының өміріндегі ерекше оқиға 1853 жылы Перовский басқарған орыс әскері Ақмешіттіқоқан хандығынан босатқан уақыты.
Орыс әскерлері Бесарықта, Жөлекте Ақмешіттегі каналдарды қалпына келтіріп жерді суландыру жұмыстарын жүргізді.
1897 жылы Сырдария облысы ұйымдастырылды. Орыстар Александровская, Ново-Арханское, Жөлек және Скоблева болып төрт поселкеге бөлінді. Сол тұстағы қазақтардың 80 пайызы көшпелі мал шаруашылығының негізін қаласа, 20 пайызы егіншілікпен айналысты.
1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы өңірдегі елеуліоқиға болды.
1907-1908 жылдары тасыған судан орыс пен қазақтардың егістері су астында қалып, жойылып кетті.
1904 жылы 4 қарашада Түркістан Генерал Губернаторы Сырдария облысының жерін суландыру мақсатымен 500 сом қаржы бөлді.
1907-1909 жылдары арнайы мамандар Бонг Осмаловский мен инженер Маттисиндер келіп Сыр бойын суландыру жағдайымен танысты. Бұл кезде Шиеліде 7 ірі, 13 майда арық, 7 көпір және 4 су тарату тоғандарыболған еді.
1915 жылы үлкенді-кішілі арықтар 540-қа жетті. 1917 жылы одан қалған 350 арық 66 мың гектар жерді суландырса, 1957 жылы облысымыздағы 19 канал 100 мың гектар жерді суландырды.
1910 жылы Перовск Ташкент-Теректі трактасының бойындағы Тартоғай мен Төменарық почталары таратылып теміржолдың жағасы дарияның бойы, топырағы құнарлы, егін салып, жерді суландыруға өте қолайлы деп Тартоғайдан 140, Төменарықтан 1757 десятина, 1897 жылы Жөлектен 100 қожалыққа барлығы 4044 десятина жер орыстарға бөлінді.
1919 жылы 25 маусымда Перовский уезінде территориялық әкімшілікті қайта құруға байланысты уезд екі участокке бөлінді. Жөлек участогі Сарқұдық, Қоғалы, Шиелі, Өзгент, Сауран, Ақарық, Сұлутөбе, Жөлек, Телікөл, Жаңақорған, Приречнае. Барлығы 11 облыс пен 5 поселкені қамтиды. Тартоғай, Шиелі, Геросимовск, Жөлек, Жаңақорған елді мекендері, поселке деп аталады.
Осы 1919 жылдың 19 қарашасында Перовский уезі Совдепі атқару комитетінің №295 бұйрығына байланысты Перовск қаласындағы уезд совдептерінің кезекті VI съезі шақырылды. Шиелі регионы Орта Азия әскери ведомствосының жем-шөп базасы ретінде жоңышқа дайындаумен айналысты.
Ауданда колхоздастыру жұмысы 1925 жылы басталып, алғашқы үш колхоз құрылды. Ол 1928 жылы көктемде 5-ке, келер жылдың ақпанында 13-ке жетті. Бір өкініштісі, 1925 жылы құрылған ең алғашқы колхоздың аты архивте аталмаған.
1926 жылы есеп бойынша аудандағы 5420 қожалықтың 85 пайызы яғни, 4660-ы қазақ қожалығы болған. Оның 946-ы отырықшы, 92-сі көшпенділер.
1929 жылы мал басы 471-ге жетті. Егіс көлемі бидай – 1700 гектар, арпа – 380, жоңышқа – 150, күріш – 1200, тары – 1936, жүгері – 282, мақта – 258, күнжіт – 15, кенеп – 100, бақша – 1000, басқалары – 20 гектар болды.
1930 жылы 23 июльде Шиелі Жаңақорған ауданына қосылды.
Шиелілік П.Волков, Ворган 1920 жылдары В.И.Лениннің қабылдауында болды.
1932 жылы «Еңбек», «Алғабас» колхоздары бірігіп, Алғабас болып аталды. Ал, 1933 жылы бұлардан «Үлгілі» деген атпен бір колхоз бөлініп шықты.
Цифрлар сөйлейді
«Авангард» колхозының звено жетекшісі Есмуратов жолдас 26 гектар күріштің гектарынан 41 центнерден өнім жинады.
Молотов атындағы колхоздың тәжірибелі шопаны Нартай Көкиев жолдас өз отарындағы әрбір 100 бас аналықтан 141 қозы алды. Оның қосымша еңбек ақысына 90 тоқты тиді.
«Гигант» колхозында 890 гектар күріштің әрбір гектарынан 33,4 центнерден өнім келтірілді.
«Қызылту» колхозының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев жолдас 20 гектар күріштің әр гектарынан 71 центнерден өнім алуды қамтамасыз етті.
Сталин атындағы колхозының шопаны Төлеген Кәлменов әр жүз аналық саулықтан 135-тен төл алды.
Тартоғай совхозының сауыншысы Үрғанша Ниязбекова жолдас өзіне бекітіліп берілген 14 сиырдың әрқайсысынан 2253 литрден сүт сауды.
«Қызылту» колхозының өндіріс бригадирі Қойшыбай Оразымбетовтің бригадасында күріштің гектарынан 40 центнерден, бидайдың гектарынан 17 центнерден өнім жиналды.
Абай атындағы орта мектеп үйінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Ленин атындағы колхоздың шопаны Бәйділдә Оралбеков өз отарындағы әрбір 100 аналық саулықтан 140 қозы алынуын қамтамасыз етті. Ол өз отары бойынша колхозға 60 мың сом табыс келтірді.
Шиелі МТС-нің Кенжебаев жолдас басқаратын трактор бригадасы жер өңдеу жұмысының жылдық жоспарын мерзімінен 2 ай бұрын асыра орындады.
№7 темір жол дистанциясы мастерскойының коллективі жылдық өндірістік жоспарды мерзімінен 2 ай бұрын 127 процент орындады.
«Большевик» колхозының товарлы-сүт фермасында әр сауын сиырдан 923 литрден сүт сауылды.
«Коммунизм жолы» газеті,
1957 жыл, 1 қаңтар, №1 саны, 2-бет.
Колхоздың сиыр қорасы
«Гигант» колхозының колхозшылары 1956 жылғы 23 майда 213 бастық төрт қатарлы стандартты сиыр қорасын салу ісін бастады. Колхозшылардың жалпы жиналысы сиыр қорасы мен оның жанындағы 200 бастық бұзау қорасын салуға 930 мың сом қаржы босатты. Сиыр қорасын салу ісі негізінен аяқталды. Қазір онда аспалы жолдарды салу, автодойка орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұзау қорасының 100 бастық бір бөлімшесі, сиыр бұзаулайтын бөлімше, жем-шөп турайтын, булайтын цехтар дайын тұр. Бұл көрнекті мал базасы январдың 15-де толық пайдалануға берілмекші.
М. Маханов.
«Коммунизм жолы» газеті,
1957 жыл, 8 қаңтар,
№4 саны, 1-бет.