Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі-90. Жылнамалар жадында

Шиелі-90. Жылнамалар жадында


Шиелілік П.Волков, Ворган 1920 жылдары В.И.Лениннің қабылдауында болды.

1957 жылдың қорытындысымен шиелілік И.Әбдікәрімов, С.Алпамышев, А.Асанов, Қ.Қазантаев т.б. СССР-дің орден, медальдарымен наградталды.
Азамат соғысына қатысқан шиеліліктер – Кәрібай Ерубаев, Сыздық Тілеубаев, Дүрән Мәмбетов, Сибғатулла Бакиров, Василий Лалак, Амангелді сарбаздары Жұмақан Оразбаев, Жағыпбар Қоянбаев.
1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдары даңқты диқандар Ы.Жақаев, Ким Ман Сам, колхоз төрағасы Хан Леонтин «Қызылорда колоннасы» үшін қаржылай көмектесті.
1947 жылы Ыбырай Жақаев күріштен мол өнім алуда әлемдік рекорд жасады. Күріштің әр гектарынан 172 центнерден өнім алып, Еңбек Ері және Мемлекеттік сыйлықты иеленді. 1971 жылы екінші рет Еңбек Ері атағын алды.
1976 жылы «Қызылту» звено жетекшісі Серікбай Бегалиев Октябрь революциясы орденімен наградталды.
Аудан көлемінде 1918 жылы тұңғыш рет Жөлекте комсомол ячейкасы ұйымдастырылды.
1932 жылы «Еңбек», «Алғабас» колхоздары бірігіп, Алғабас болып аталды. Ал, 1933 жылы бұлардан «Үлгілі» деген Алғабас болып аталды. Ал, 1933 жылы бұлардан «Үлгілі» деген атпен бір колхоз бөлініп шықты.
Әзірлеген А.Байдәулетова.
20 ақпан 2018 ж. 2 309 0