Iсiне адал – Айсұлу
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаз болу. Бұлай дейтініміз ұстаз еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болады. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр оқытушының нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты аясында бір топ тәлімгер қысқа мерзімді курсқа «Электронды есептеу машина операторы» біліктілігі бойынша Шиелі индустриалды-аграрлық колледжіне оқуға қабылдандық, осы мамандық бойынша Айсұлу Мырзахмет арнайы пән оқытушымыз болды. Осы аз уақыт ішінде білім беруде заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән берді. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыр-сырын таба білетін оқытушы. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.
Ұқыптылық пен тазалық Айсұлу ұстаздың басты қасиеті болып табылады. Жинақталған білім тәжірибесі білім алушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады. Бізге әр уақытта өз көмегін аямады.Оқытушы өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын білім алушы алдында ашық та, анық көрсете біледі. Оның осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені, оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті білім алушыға да, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Осындай оқытушылар қатары көбейе берсе, студенттердің де оқуға қызығушылығы әрі қарай артады деп ойлаймыз.
“Электронды есептеу
машина операторы”
оқу тобы.