Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды

Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды

Ел біріншілігінде тең келер қарсылас табылмады. Допинг дауына байланысты жаза уақыты аяқталып, спортқа қайта оралған Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық спортшы жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынады. Осыған дейін 53 келіге дейінгі салмақта жарыстарға қатысып келсе, жаңа ережеге сәйкес 55 келіге дейінгі салмақта жарысқа қатысатын болады. Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып саналатын ел біріншілігінде Зульфия Чиншанлоға тең келер қарсылас табылмады. Сәуле Сәдуақасованың нәтижесі ғана жуықтаған. Бірақ ол 59 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шықты. Чиншанло жұлқа көтеру жаттығуын 85 келіден бастады. Екінші мүмкіндігінде 84 келіні көтерді. Үшінші рет шыққанда 90 келі спортшының ырқына бағынбады. Серпе көтеру жаттығуында бірінші 115 кг көтерді. Одан кейін 120 келіге тапсырыс берді. Алайда екі мүмкіндігінде де бұл салмақты басынан асыра алмады. Нәтижесінде 202 келі (87+115) көрсеткішпен алтын жүлдені иеленді. Екінші орын алған Ақмарал Үргембаева (58+76) Зульфиядан 68 келіге қалып қойды. Үшінші орынды Камила Острикова (58+75) иеленді. Айта кетейік, Зульфия Чиншанлоның спорттық жарыстарға қатыспау туралы жаза мерзімі мамыр айының соңында аяқталған болатын. Ел чемпионаты – допинг дауынан кейінгі алғашқы жарысы. Спортшы Ашхабадтағы әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде. Осы категория бойынша: « Ауыр атлетикадан ел чемпионатына Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло қатысады Қазақстандық боксшының нокауты әлем чемпонатының айтулы оқиғасына айналды »

www.24.kz
29 тамыз 2018 ж. 883 0