Өскен өңір » Оқиғалар » Қазақстандық дзюдошылар Тунисте қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық дзюдошылар Тунисте қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық дзюдошылар Ғұсман Қырғызбаев пен Ерлан Серікжанов Тунисте өткен Гран-При кезеңінде қола жүлдеге ие болды.Қазақстандықтар турнирдің алғашқы күнінде жүлдеге ие болған. Ғұсман Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетіп, франциялық спортшы Валид Хьярдан жеңіліс тапқан. Ал ақтық кезеңде отандасымыз Мароккодан келген Ясин Моудатирді жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынын қола жүлдемен толықтырды. Ал Ерлан Серікжанов 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда ресейлік Иса Исаевты жеңіп, үшінші орынға ие болды. Естеріңізге сала кетсек, Тунистегі Гран-При 19-21 қаңтар аралығында өтеді. Турнирге әлемнің 46 мемлекетінен 334 спортшы қатысып жатыр. Stan.kz