Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық таэквондошылар 1 күміс, 3 қола жеңіп алды

Қазақстандық таэквондошылар 1 күміс, 3 қола жеңіп алды

Қазақстандық жас таэквондошылар Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық чемпионатқа қатысып, бір күміс, 3 қола медальді жеңіп алды. Екінші орынды 59 келіге дейінгі салмақта Бекжан Нұснәлім иеленді. Ал үшінші орын 55 келіге дейінгі салмақта Азамат Рахымбаев пен 78 келіге дейінгі салмақта Сергей Ивашкевичке бұйырды. Қыздар арасында жалғыз медальге Нұрай Құйсайынова ие болды. Нұрай Құсайынова, таэквондодан ҚР жастар құрамасының мүшесі: - Қателігім өзім алға қарай шаптым, өзім шабуылдамадым. Алдағы жоспар – Атырауда өтетін ашық Азия чемпионаты және Kazakhstan Open-ге қатысу. Соған дайындық басталады. Давранбек Ризаев, таэквондодан ҚР жастар құрамасының аға бапкері: - Корей елінде өтетін халықаралық жарысымыз бізде дүние жүзінде ең қиын жарыстың бірі есептеледі. Соған біз жастар құрама командасынан келесі жылға қарап жүрген спортшыларымызды, Азия чемпионатына қарап жатқан спортшыларымызды алып келдік. Олардан сегіз спортшы қатысып, төртеуі жетістікке жетті.
www.24.kz
23 шілде 2018 ж. 1 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930