Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Футбол әлемі

Футбол әлемі


2018 жыл  төрт  жылдықтың басты бәсекесі,  футбол  тойымен бастау алғаны барлығына аян. Дегенмен,  биылғы жыл өзгеде футбол   жаңалықтарының жаршысына айналып  үлгерді. Ендеше,  ол қандай  жаңалықтар  бірге сараптайтын боламыз.
Алғашқы жаңалық әрине Реал Мад­рид командасының чемпиондар Лигасын қатарынан 3 мәрте жеңіп алып, мұндай жетістікке жеткен алғашқы ұжым атануы. Ал, артынша бас бапкер Зинедин Зиданның қызметінен кетуі көптің таңданысын арттыра түсті.
Мұнан әрі футбол жаңалықтарының көшін  Ювентустың  аңыз ойыншысы қақпашы Джанлуиджо Буффонның  ПСЖ командасына ауысуы жалғады.  40 жастағы қақпашы ПСЖ командасымен 1+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойған. Әзірше жылдық табысы нақты хабарланған жоқ.  Дегенмен, La Gazzetta dello Sport басылымының жазуынша, Буффонның жылдық табысы 4 миллион еуро болмақ.
Келесі бір әлемнің назарын аударт­қан ауысым тағы да  Ювентус пен Реал Мадрид ұжымдарына қатысты. Апта ортасында Испанияның «Реал Мадрид» командасы Криштиану Роналдудың Италияның «Ювентусына» ауысқанын ресми түрде хабарлады. Алғашқы болып Испандық МАRCA, Италияндық LA Gazette dello Sport газеттері жария еткен жаңалық осылайша шындыққа айналды. Португалиялық шабуылшы испаниялықтар сапында 9 маусым өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол 438 ойынға қатысып, 451 голдың авторы (34 хет-трик) атанды әрі клуб тарихындағы үздік сұрмерген атағына қол жеткізді. «Реалмен» бірге 16 титулға қол жеткізді. Олардың арасында төрт чемпиондар лигасы, екі  Испания чемпионаты, үш клубтар арасындағы әлем чемпионаты, екі-екіден Испания кубогы мен Испания суперкубогы бар. «Ювентус» португалиялық ойыншыны 100 млн. еуроға сатып алды. Келісім бойынша италиялықтар бұл қаржыны екі жыл ішінде төлеп бітуі тиіс. Туриндік команда 33 жастағы футболшымен жылдық жалақысы 31 млн. еуро болатын төрт жылдық келісім шартқа отырды.
Қоштасу сөзінде «Мадридте», «Реалда» өткізген жылдарым өмірімдегі ең бақытты сәттерімнің бірі. Клубқа да, қалаға да алғыстан басқа айтарым жоқ. Маған деген махаббаттарыңызға, жылы лебіздеріңізге мың алғыс. Бірақ, өміріме өзгеріс енгізіп, жаңа кезеңге қадам басатын кез келді деп есептеймін. Міне, дәл осы себепті клубтан мені жіберуін өтіндім. Жанкүйер қауым бұл ойымды түсінеді деп үміттенемін. «Реалда» өткізген тоғыз жылымда фанаттардың көрсеткен қолдауы ерекше болды.
Бұл бір ғажап уақыт екені даусыз. Ал, әріптестерім нағыз өз ісінің мамандары болды. Біз бірге чемпиондар лигасын үш мәрте қатарынан, ал, соңғы бес жылда төртеуін жеңіп алдық. Міне, осының арқасында төрт Алтын доп пен үш Алтын бутса жүлдесін жеңіп алдым. Клубқа, президентіне, директорларына, әріптестеріме, дәрігерлеріне, физиотерапевтеріне және басқа да қызметкерлеріне алғыс айтамын.Ұзақ ойланып барып осындай шешімге келдім. Мен кетіп барамын, бірақ қайда жүрсемде бұл жейдеше мен «Сантьяго Бернабеу» жүрегімде болады. Бәріңізге рахмет! Тоғыз жыл бұрын стадионда алғаш рет айтқанымды тағы да қайталаймын – Hala Madrid», – деді Роналду.
Айта кетейік, енді «Реал Мадрид» Роналдудың орнын басатын ойыншыларды іздеуге кірісті. Бұл тізімде Неймар, Килиан Мбаппе, Эден Азар көш бастап тұр.
Ендеше, әлем біріншілігінің финал­дық кезеңіне  тоқталып  өтсек. Алдымен, жартылай финалдық кездесуде Франция мен  Белгия кездесті. Антуан Гризман, Килиян Мбаппе бастаған желаяқтар, Белгиялық Лукаку, Феллайнилерден барлық көрсеткіштер бойынша басым түсті. Кездесуде жалғыз доп  54 ші минутта  соғылып,  Француздықтар  финалға өтті.
Екінші жартылай финалдық кездесуде Хорватия мен  Англия құрамалары қарсылас атанды. Бірінші таймда ағылшындықтар  басым түскенімен  Хорваттар  жігер танытып, қосымша уақытта жеңісті жұлып әкетті.
Франция мен Хорватия кездесуінде анық фавориттер әрине Француз ойыншылары. Дегенмен де, сапында Модрич пен Ракитич секілді жұлдызды ойыншылары бар Хорваттардың да жеңістен дәмесі жоқ емес. Өз тарихындағы  алғашқы финалист атанған Хорватия құрамасы соңғы 3 кездесуінде қосымша уақыттың көмегімен жеңіске жетіп отырған. Ал, ендігі кезекте финалдық кездесу қосымша уақытқа жалғасып жатса кімді фавориттеп санауды өздеріңіз шешіңіздер. Міне, биылғы  маусым осындай  футбол жаңалықтарымен  қуантты. Ендігі жаңа маусымнан тек қана қымбат  ауысымдармен (трансфер),  көптеген  голдар күтеміз.

Рамазан ӘНӘПИЯ,
Қорқыт Ата атындағы
ҚМУ-дың студенті.
15 шілде 2018 ж. 940 0