Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ПСЖ» Роналдуға 45 млн еуро ұсынып отыр

«ПСЖ» Роналдуға 45 млн еуро ұсынып отыр


Француздық «Пари Сен-Жермен» «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдуға жылдық табысы 45 миллион еуро болатын келісімшарт ұсынуға дайын, ал мадридтік клубқа португалиялық футболшының трансфері үшін 150 миллион еуро бермекші, – деп хабарлайды Р-Спорт. Басылым мәліметінше, Роналду ПСЖ-мен келісімшарт жасасатын болса, онда оның табысы «Барселонадағы» Лионель Мессидікімен теңеседі екен. Осыған дейін Роналду «Реалдан» кететіні жайлы айтып қалған еді. «Корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес португалиялық футболшымен келісімшарт 2021 жылға дейін толтырылғанын айтады. ПСЖ Роналдумен келісімшарт жасасу үшін командадағы сұрмерген Эдисон Каванимен, Гонсало Гедешпен және жартылай қорғаушы Анхель Ди Мариямен қоштасуға дайын екенін жеткізді. Роналду «Реал» сапына 2009 жылы «Манчестер Юнайтедтен» ауысып келген. «Корольдік клубтың» сұрмергені екі рет Испания чемпионы және төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

24.kz
31 мамыр 2018 ж. 997 0