Кім мықты?
Мамыр айының 26-сы күні Әлемнің футбол жанкүйерлері екіге бөлінері сөзсіз. Оған себеп, көптен күткен Чемпиондар лигасының биылғы финалдық ойыны болмақ. Өздерінізге белгілі болғандай ЛЧ-ның жартылай финалдық бәсекесіне Реал Мадрид пен Ливерпуль командалары қарсыластарын жеңіп, финалдық ойынға жолдама алған болатын. Бұл матч Киевтегі «Олимпиялық» ҰҚК-ның аренасында өтетін болады. Негізі аталған командалардың финалдық кезеңге шығу жолдары оңайға соқпады. Екі дүркін Чемпиондар лигасының жеңіпазы мадридтық Реал бұл жолы тариқа өз жетістіктерін алтын әріппен еңгізіп, 3 дүркін чемпион атанғысы келетіні мәлім. Бірақ оған Ливерпуль жол бере ме? Ойын алдында Ливерпульдің бас бапкері Юрген Клопптың айтуынша, «Реал Мадрид» алдағы чемпиондар лигасының финалына фаворит болып саналады дейді.
«Иә, Реал Мадрид фаворит болады. Олар бәрін біледі, өйткені олар үшін қатарынан бес маусымның төртінші финалында күш сынаспақ болып тұр. Соңғы бірнеше жылда үш доминантты клуб болды. Олардың біреуімен біз кездесетін болдық. Шынымды айтсам, біз бұл жағдайды жақсы көреміз. Біз бәріне ризамыз. «Реал» футболдың жоғары сапасын көрсетеді. Олар үш финалды үш рет жеңіп алды. Бірақ біз - Ливерпульміз, біз бұл туралы ұмытпауымыз керек – дейді команда жаттықтырушы Юрген Клопп.
Финалда кімнің қалауы көп болады? «Реалдың» құрамы соңғы жеңістен кейін өзгерген жоқ. Бұл өте сирек кездеседі. Финалда бәрі мүмкін екендігін ескеру қажет. Өз кезеңін де ливерпульдықтар қарсыласты шаң қаптырмай, адымын аштырмаймыз деп отыр.
А.Сақтағанов.