Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ювентусқа" ауысатын Роналду Италиядан үй іздеп жатыр

"Ювентусқа" ауысатын Роналду Италиядан үй іздеп жатыр

Соңғы кездері "Реал Мадрид" шабуылшысы Криштиану Роналду италиялық "Ювентус" сапына ауысып жатқаны жөніндегі толассыз ақпараттар қаптап кетті. Енді португалиялық жұлдыз Турин қаласынан баспана іздеп жатқаны жөнінде мәліметтер де пайда болды деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.



















Роналдудың Мадридтегі өмірі мен жұмысы өзіне жайлы болды. Алайда, клуб президентімен арада орын алған келіспеушіліктер футболшыны басқа команда іздеуге мәжбүр еткен.
Танымал аяқдопшы болашағын италиялық "Ювентуспен" байланыстыруы әбден мүмкін. Әйгілі футбол журналисті Джанлука Ди Марционың айтуынша, "Ювентус" португалиялық жұлдыз үшін 400 миллион қаржы жаратуға даяр.
  
Marca басылымының хабарлауынша, Криштиану Роналду расымен Турин қаласынан баспана іздеп жатқан көрінеді."Реал Мадрид" құрамында 9 жыл бойы жарқын ойын көрсеткен шабуылшыны жанкүйерлер қауымы қимай жатыр. Олар, тіпті футболшының кетіп қалуына сенбейді. Роналдудың "Реалмен" қош айтысқан жағдайында олар оқиғаға клуб президентін кінәлі санамақ.
Флорентино Перес пен аяқдопшының арасындағы кикілжің жаңа келісімшартқа байланысты орнаған.
Қызықты оқиғалардан үнемі 

Источник: NUR.KZ
06 шілде 2018 ж. 1 040 0